Accessibility links

БАҚ: Сирияда жарылыстан бірнеше ресейлік қаза тапқан


Дейр-эз-Зор провинциясындағы қираған ғимарат (Көрнекі сурет).
Дейр-эз-Зор провинциясындағы қираған ғимарат (Көрнекі сурет).

Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында 4 қараша күні бұрын қылмыстық полиция отырған ғимаратта болған жарылыстан арасында ресейліктер бар - барлығы 11 адам қаза тапты. Ресейлік "Новая газета" басылымы мен Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, қаза тапқандардың болжаммен кем дегенде алтауы - "Вагнер" жекеменшік әскери компанияның қызметкері.

SOHR өкілдері жаралылардың көбінің халі ауыр екенін айтады. Басылым дереккөзінің мәліметінше, жарылыс болған ғимаратта бұрын сот отырған, қазір ол жерде Сирия армиясының 5-корпусы орналасқан. Бұл корпус еріктілер мен Ресейдің "әскери кеңесшілерінен" құрылған. Ресей билігі Сирияда өз азаматтарының қаза тапқаны туралы ақпарға әзірге комментарий бермеді.

Кейбір болжамдар бойынша, ғимаратқа "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары бомба жасырған. Бұған дейін ұйым содырлары Дейр-эз-Зордағы шебін күшейткен.

Биыл ақпанда Дейр-эз-Зор провинциясында президент Башар Асад пен оларды қолдайтын Ресей жалдамалылары және америкалық әскерилер қолдайтын көтерілісшілер арасында ұрыс болған. Ресей Сыртқы істер министрлігі ол кезде Сирияға өз еркімен кеткен бес адам ғана өлгенін, "олардың азаматтығын анықтау керегін" және Сирияға ондаған ресейлік жараланғанын ресми түрде мәлімдеген. БАҚ пен америкалық шенеуніктер "Вагнер" компаниясының ондаған сарбазы оққа ұшқанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG