Accessibility links

Каратэші Асадилов әлем чемпионатында қола алды


Дархан Асадилов, әлем чемпионатында қола медаль алған сәт. 10 қараша 2018 жыл.
Дархан Асадилов, әлем чемпионатында қола медаль алған сәт. 10 қараша 2018 жыл.

Каратэден Мадридте (Испания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дархан Асадилов 60 келіде (кумите) қола жүлде алды. Ол алғашқы айналымдарда Грузия, Румыния, Франция, Чили спортшыларын жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Наото Сагодан жеңілді. Қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте латвиялық Калвис Калнинстен басым түсті.

Асадилов 2008 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында күміс иеленген. 2010 жылы Гуанджоудағы (Қытай) Азия ойындарының чемпионы атанған.

Каратэ 2020 жылы Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарының бағдаралмасына енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG