Accessibility links

Алматыда Заманбек Нұрқаділовті еске алды


Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсай зиратындағы қабірі. Алматы, 12 қараша 2018 жыл (Суретті Ғабиден Жәкей ұсынған).
Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсай зиратындағы қабірі. Алматы, 12 қараша 2018 жыл (Суретті Ғабиден Жәкей ұсынған).

Алматыда қарашаның 12-сі күні туыстары мен қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зиратына гүл шоқтарын қойып, марқұмға құран бағыштады. "Ұлы дала" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Жәкейдің Азаттыққа айтуынша, Нұрқаділовті еске алуға туыстары, марқұм өмірінің соңғы кезеңінде оппозиция қатарында бірге болған адамдар барды.

Алматы қаласы мен Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы қарашаның 12-сі кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Ресми тергеу "Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған" деген қорытынды жасады. Бірақ оппозиция "билікті сынаған қайраткер қастандық құрбаны болған" деп санайды.

2004 жылы наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынап мемлекеттік қызметтен екінші рет кеткеннен кейін ол елдегі оппозиция қатарына қосылып, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG