Accessibility links

ТЖК: "АрселорМиттал Теміртаудағы" өрт себебі анықталып жатыр


"АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинаты. Қаңтар айы, 2018 жыл
"АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинаты. Қаңтар айы, 2018 жыл

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер "АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинатында шыққан өрттің себебі мен оған кінәлілер анықталып жатқанын хабарлады. Мәжілістегі үкімет сағатынан соң журналистер сауалына жауап берген Беккер комбинатта шойын мен болат өндірісі толықтай тоқтап тұрғанын айтты.

"Бірнеше жүз метрден бастап бірнеше километрге жететін коммуникация желісі зақымданды. Ауа жүретін құбырлар, кабельдер бүлінді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір коммуникацияны қалпына келтіру мәселелері шешіліп жатыр. Нәтижесі туралы кейінірек айтамыз" деді Владимир Беккер.

10 қараша күні кешке комбинаттың конвертер мен әктас өртеу цехы арасындағы құбырлар желісі құлап, өрт болған. “Әктас өртеу цехінің жанында орналасқан құбырлар желісінен газ шығып, өртенген. Көпір краны құлағандықтан конвертер цехі ғимаратының кейбір жерлері бүлінген” деп хабарлаған Инвестициялар және даму министрлігі. Бұған қоса, бірқатар машиналар, құрылғылар бүлінген.

“АрселорМиттал Теміртау” қоршаған ортаға экологиялық зақым келмегенін де хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG