Accessibility links

Астана соты "ұрлық жасаған" бұрынғы шенеуніктің бас еркіндігін шектеді


Астанадағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).
Астанадағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Астана соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қобыланды Мусинді "ұрлық жасады" деп айыптап, үш жыл бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі түрде жұмыс істеу жазасын кесті. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Байқоңыр аудандық №2 соты 56 жастағы Қобыланды Мусинді Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлімі ("Ірі мөлшерде жасалған ұрлық") бойынша айыпты деп танып, жәбірленушіге ол талап еткен 1,8 миллион теңге көлемінде материалдық шығынын өтеп беруге міндеттеді.

Қобыланды Мусиннің ісі бойынша сот 23 қазанда басталған. Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, бұрынғы шенеунікті ұрлық жасады деп өзі танитын әйел айыптаған. Шағымданушының сөзінше, 26 маусым күні Астанада пабта сөмкесінен ірі мөлшерде ақша ұрланған. Ол ақшасының жоғалғанына сол кезде өзімен бір үстелде отырған танысы Қобыланды Мусиннен күдіктенген. Мусин сотта тек 4500 теңге алғанын мәлімдеген.

Қобыланды Мусин әр жылдары президент іс басқарушысының орынбасары, турим және спорт вице-министрі, туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG