Accessibility links

OPEC пен серіктес елдер мұнай өндірісін азайтуы мүмкін


Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих пен Ресей энергетика министрі Александр Новак. Абу-Даби, 11 қараша 2018 жыл
Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих пен Ресей энергетика министрі Александр Новак. Абу-Даби, 11 қараша 2018 жыл

Мұнай өндіруші елдер ұйымы (OPEC) мен ірі көлемде мұнай өндіретін өзге де елдер, оның ішінде Ресей келесі жылы әлемдік нарықта мұнай көп болуы ықтимал екеніне байланысты өндірісті азайтуы мүмкін.

Абу-Дабиде өткен кездесуде мұнай өндіруші негізгі елдер "нарықтағы мұнайға сұраныс пен ұсынысты екшеп", 2019 жылы нарықта мұнай көлемі артуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Осы себепті мұнай өндіруші елдер "2019 жылы нарықтағы сұраныс пен ұсынысты теңшеу үшін" өндірісті азайту жолдарын қарастыра бермек.

АҚШ-та мұнай өндірісінің ұлғаюы әлемдік нарыққа шығарылатын мұнай көлемінің артып, сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырған. 9 қарашада Brent маркалы мұнайдың баррелі 70 долларға дейін төмендеген. Мұнай мұндай бағаға биыл сәуірден бері бірінші рет арзандап отыр. Биыл мұнай баррелінің бағасы 85 долларға дейін өскен еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG