Accessibility links

Прокуратура: Қазақстанда екі әуе компаниясының қызметі тоқтатылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2018 жылдың тоғыз айында қауіпсіздік мақсатында екі әуе компаниясының қызметі тоқтатылып, 17 ұшақ пайдаланудан шығарылды. Бұл туралы көліктегі бас прокуратураға сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, биыл жүк ұрлау көрсеткіші Астана әуежайында 50 пайызға, Алматы әуежайында 23 пайызға дейін азайған.

Қазақстанда соңғы жылдары бірнеше жолаушылар ұшағы техникалық ақау шығып, ұшып шыққан әуежайына қайта қонуға мәжбүр болған. Қарашаның 11-і күні Air Astana компаниясы Португалияда жөндеуден шығып, Қазақстанға бет алған Embraer 190 ұшағы әуеде дабыл белгісі беріп, Бежа қаласындағы әскери әуежайға қонған. Компания мәліметінше, ұшақта экипаж мүшелерінен басқа адам болмаған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG