Accessibility links

Атамбаев: Қырғызстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес - көзбояушылық


Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасына сұхбат беріп отыр.
Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасына сұхбат беріп отыр.

Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресті "көзбояушылық" деп атады. Алмазбек Атамбаев бұл туралы 19 қарашада "Апрель" телеарнасына берген сұқбатында айтты.

Қырғызстанның Социал демократиялық партияның (ҚСДП) жетекшісі Алмазбек Атамбаев сұхбатында "Шын мәнінде бүгін кеденде тонаушылар отыр. Осы үшін Қырғызстан бюджеті миллиардтаған қаржыдан қағылып отыр, осылайша жалғаса да береді. Бұл көзбояушылық несімен қатерлі? Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көзбояушылығы Ақаев кезінде де, Бакиев кезінде де болған" деп мәлімдеді.

Алмазбек Атамбаев экс-премьер Сапар Исаков пен Бішкектің бұрынғы әкімі Кубанычбек Кулматовты не үшін қамауға алғаны жөнінде пікірін айтты. "Тұтқындау - бұл Сапар Исаковтан Раим (Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Раимбек Матраимов - ред.) үшін, тыңдамағаны үшін кек алу" деді ҚСДП жетекшісі. Оның айтуынша, Сапар Исаков президент Сооронбай Жээнбековтің өтініп сұрағанына қарамай, Райымбек Матраимовты қызметінен алған. "Маған Сапар Исаков 23 қарашада телефон соғып, "Сооронбай Жээнбеков Раимды қызметтен алма деп сұрап, жалынып жатыр" деп айтқан. Сапар оның тілін алмай қойғаны үшін қамалды" дейді экс-президент.

"Ал Кулматовты не үшін отырғызды? Себебі, ол кеден қызметін Раимның адамдарынан тазалай бастады… , Ош кеденінде бір күнде ақша жинаудың он есеге өсіп кеткені естеріңізде ме? Бұл өте көп ақша" деді Қырғызстан экс-президенті.

Сапар Исаков пен Кубанычбек Кулматов биыл маусымда қамауға алынған. Олардың үстінен сыбайлас жемқорлыққа барды, қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек, 19 шілдеде Бішкектің бұрынғы әкімі Албек Ибраимов қамауға алынып, ол да істі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG