Accessibility links

ЭКСПО-2025 көрмесі Осакада өтеді


Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесі. (Көрнекі сурет.)
Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесі. (Көрнекі сурет.)

2025 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі Осака қаласында өтеді. Жұма күні Парижде Халықаралық көрме бюросы сессиясындағы дауыс беру нәтижесі бойынша, Жапония қаласы берілген дауыстың 59 пайызына, ал онымен бәсекелес болған Ресейдің Екатеринбург қаласы - 39 пайызына ие болған.

ЭКСПО-2025 көрмесін өткізуге таласқандар қатарында Әзербайжан астанасы Баку де болды. Екатеринбург қаласының көрме өткізу туралы өтінішін видеобайланыс арқылы Ресей президенті Владимир Путин таныстырған. Ресей бұған дейін бұл көрмені өткізген емес.

2025 жылы ЭКСПО көрмесі 2 мамыр мен 2 қараша аралығында Осакада, ал оған дейін 2020 жылы халықаралық көрме Дубайда өтеді.


ЭКСПО халықаралық көрмесі бес жылда бір рет өткізіледі. Онда техника саласындағы соңғы жетістіктер көрсетіледі. Әдетте көрме бірнеше айға жалғасады, оған қатысушы елдер өз жетістіктерін арнайы құрылған павильондарда таныстырады.

2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында "Болашақ энергиясы" тақырыбымен ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.

Алғашқы ресми халықаралық көрме 1851 жылы Лондонда өткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG