Қытайдың шығысындағы Чжанцзякоу қаласында химиялық зауыт маңында болған жарылыс пен өрттен 20-дан астам адам қаза тауып, 20-дан көп адам жараланды. Қала билігінің 28 қараша күні хабарлауынша, өрттен 50 көлік жанып кетті. Жарылыстың неден болғаны әзірге нақтыланған жоқ.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыс болған жерге жақын химиялық зауытта жұмыс тоқтатылды. Зауыт өкілі жарылыс кәсіпорында болмағанын айтады.
2015 жылы Тяньцзинь қаласының өнеркәсіптік аймағында болған жарылыстан 165 адам қаза тапқан.
ПІКІРЛЕР