Accessibility links

Путин: Керчь бұғазындағы жанжал - арандату


Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 28 қараша 2018 жыл.
Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 28 қараша 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қара теңізде Украина теңізшілерін күш қолданып тұтқындауды "Украинада өтетін президент сайлауы алдында Киевтің ұйымдастырып отырған арандатуы" деп мәлімдеді. Путин бұл жөнінде 28 қараша күні Мәскеуде өткен "Ресей шақырады" форумында айтты. Осыған дейін Украина президенті Петр Порошенко Керчь бұғазындағы оқиғаны "Ресей басқыншылығы" деп атаған.

Путин сонымен бірге Украинаның шығысында қақтығыс болған кезде жарияланбаған әскери жағдайды енді "болмашы оқиғаға" бола жариялап отырғанын айтты. Ресей президенті сонымен қатар Петр Порошенконың "рейтингі төмен болғандықтан, алдағы президент сайлауында бәсекелестеріне кедергі келтіруге тырысып жатыр" деп санайды.

25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына "заңсыз кірді" деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні "алдын-ала ескертілгенін" айтып, Ресей әрекетін "бассыздық" деп атаған.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, атыстан кейін 23 адам болған кемелермен байланыс үзілген. Алты украин сарбазы жараланған. Оның екеуінің халі ауыр, үшеуі Керчь ауруханасында жатыр. Жағдайлары бір қалыпты.

28 қарашада Украинаның Ресеймен шектесетін он облысында бір айға әскери жағдай жарияланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG