Accessibility links

"Қазақ пен қала" проза байқауының жеңімпаздары марапатталды


Саясаттанушы Айдос Сарым (сол жақтан екінші) "Қазақ пен қала" проза байқауының жүлдегері Ырысбек Дәбейді марапаттап тұр. Алматы, 30 қараша 2018 жыл (Сурет Сәрсенбек Қызайбекұлынікі).
Саясаттанушы Айдос Сарым (сол жақтан екінші) "Қазақ пен қала" проза байқауының жүлдегері Ырысбек Дәбейді марапаттап тұр. Алматы, 30 қараша 2018 жыл (Сурет Сәрсенбек Қызайбекұлынікі).

Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған "Қазақ пен қала" прозалық байқауының жүлдегерлері марапатталды. Байқауды "Жас Алаш" газеті мен "Алтын Қалам" қоры және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған.

"Жас Алаш" газетінің жазуынша, байқауда бірінші орынды "Лифт" әңгімесін жазған жас прозашы Темірхан Қылышбек алды. Екінші орын "Бейуақта ашылған құпия" хикаятының авторы Жадыра Шамұратоваға берілді. "Көнбіс" әңгімесін жазған Ырысбек Дәбейге үшінші орын тиді. Тағы жеті автор ынталандыру сыйлығына ие болды. Авторларға ақшалай жүлде табысталды.

Қыркүйек айында басталған байқау қазақ прозасын қолдау, қала прозасын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға жүзден астам автордың шығармасы қатысқан.

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы, идея авторы Руслан Ерботаның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері ауылдан келген қазақтар қалаға шоғырланып жатқанымен, қала өмірі жайлы қазақ прозасында көп жазылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG