Accessibility links

Ақтөбе өңірінде 52 адам жанып кеткен көліктің иесі Өзбекстанда ұсталған


Ақтөбе облысында жанып кеткен автобустың қаңқасының қасында тұрған адамдар. 18 қаңтар 2018 жыл.
Ақтөбе облысында жанып кеткен автобустың қаңқасының қасында тұрған адамдар. 18 қаңтар 2018 жыл.

Биыл қаңтарда Ақтөбе облысында өртеніп, 52 адам ажал құшқан автобустың иесі – Қазақстан азаматы Өзбекстанда ұсталған деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик).

Оқи отырыңыз: Автобустағы өрттен 52 адам мерт болды

Қаңтардың 18-і күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында жолаушылар автобусында өрт шығып, салдарынан Өзбекстанның 52 азаматы мерт болған еді. Өрттен зардап шеккен бес адам тірі қалған. Тергеушілер болжамы бойынша, өрттің шығуына жүргізушілердің қауіпсіздік ережесін сақтамауы себеп болған.

ВИДЕО: Автобус өртенген аймақ, 18 қаңтар 2018 жыл:

"Бұл автобустың иесі - 46 жастағы Қазақстан азаматы О.М. қазақстандық құқық органдарына келмей, тергеуден із жасырған. Қазақстанда оған Қылмыстық кодекстің "Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару" туралы 348-бабының 4-тармағында қарастырылған қылмыс жасаған деген айып тағылған" деп хабарлаған Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы Podrobno.uz сайтына.

Халықаралық іздеу жарияланған О.М. бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында қарашаның 20-сы күні Ташкенттің Сергелі ауданында ұсталып, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілгенше қамалған деп хабарлайды Озодлик.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG