Азаттықтың Астанадағы тілшісі Өркен Жоямерген PRI Human Rights Award (Халықаралық түрме реформасы ұйымының марапаты) жүлдесімен марапатталды. Жүлде Азаттық тілшісіне "Адам құқығы мәселелерін БАҚ-та көтеріп, хабарлап отырғаны үшін" берілді. Марапаттау рәсімі Астанада желтоқсанның 6-сында халықаралық адам құқығы күнін атап өту қарсаңында өтті.
"Халықаралық түрме реформасы" ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Азамат Шамбиловтің айтуынша, жүлде құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдеріне, оның ішінде адам құқықтарын қорғау мәселесін күнделікті хабарларында көтеріп жүрген журналистерге тағайындалған. Қазақстанда адам құқығы мәселесін көтеріп, оны қорғауға ерекше үлес қосқаны үшін жүлде биыл екінші рет беріліп отыр.
Жүлде алған журналистер қатарында Азаттық тілшісінен өзге "Караван" газеті мен жергілікті екі ақпараттық сайттың тілшілері бар.
Азаттық тілшілері PRI Human Rights Award жүлдесімен осымен екінші рет марапатталып отыр. Былтыр бұл жүлде Светлана Глушковаға берілген.
ПІКІРЛЕР