Accessibility links

Золотовтың Навальный үстінен түсірген арызы "талапқа сай емес"


Росгвардия басшысы Виктор Золотов (сол жақта) пен оппозиционер Алексей Навальный
Росгвардия басшысы Виктор Золотов (сол жақта) пен оппозиционер Алексей Навальный

Мәскеудің Люблинский соты Росгвардия басшысы Виктор Золотовтың оппозиционер Алексей Навальныйдың үстінен "абыройым мен қадыр-қасиетіме тіл тигізді" деп берген шағымын қаңтарға дейін қарамайтын болды. Золотов соттан бір миллион рубль өндіріп беруді сұраған.

Интерфакстың хабарлауынша, сот арызды азаматтық кодекстің талаптарына сай емес деп тапқан. Егер арызданушы 9 қаңтарға дейін аталған кемшіліктерді түзетпесе шағым кері қайтарылады.

Желтоқсанның 11-і күні берілген шағымда Золотов соттан Навальныйдың таратқан мәліметін "қаралау" деп тануды сұрап, оппозиционерден ақпаратын терістеуді талап еткен. Золотовтың адвокаты моральдық шығын ретінде өтелген ақшаның балалар үйіне аударылатынын айтқан.

Алексей Навальный Виктор Золотовты сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптайды. Навальныйдың Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры биыл тамызда Росгвардияға қажет тауарлар үш есе қымбат бағамен сатып алғаны, ал Золотовтың өзі миллиардтаған рубль жымқырғаны туралы зерттеуін жариялаған.

Қыркүйекте Росгвардия басшысы сол кезде қамауда жатқан Алексей Навальныйды жекпе-жекке шақырған. Навальный қамаудан босап шыққан соң Золотовқа өзімен теледебатқа шығуды ұсынған. Бірақ Золотов Навальныйды "басқаша сайысқа шақырғанын" айтып, дебаттан бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG