Accessibility links

Ресейден келген атлет "допинг қолданды" деп айыпталды


Надежда Лихачева Ашғабаттағы әлем чемпионатында (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан алынды).
Надежда Лихачева Ашғабаттағы әлем чемпионатында (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан алынды).

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Лихачева допинг ережесін бұзғаны үшін уақытша жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық антидопинг орталығы ауыр атлетика федерациясына спортшының қыркүйекте Сочидегі жаттығу кезінде алынған сынамасынан рұқсат етілмеген препарат табылғанын хабарлаған. Енді Лихачеваның В сынамасы ашылады. Егер спортшының В сынамасынан да допинг табылса ол жарыстардан шеттетіледі.

Лихачева Ресейде туған. Бірнеше жыл бұрын "Ресей құрамасынан шығып қалған соң" Қазақстан азаматтығын алған. Ресей құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатысқан.

Лихачева қарашада Ашғабатта өткен әлем чемпионатында қола медаль алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG