Accessibility links

Путин зымыран келісіміне өзге елді қосу мүмкіндігін айтты


Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің жиынында сөйлеп тұр. 18 желтоқсан 2018 жыл
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің жиынында сөйлеп тұр. 18 желтоқсан 2018 жыл

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы қарулануды бақылау туралы келісімге өзге елді қосу идеясын талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге осы келісім бойынша жаңадан келіссөздер өткізуге әзір екенін де айтты.

18 желтоқсанда Путин "Ресей орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімді бұзды" деген АҚШ айыптауын жоққа шығарған. Бұл мәселеге қатысты АҚШ пен Ресей арасында мәселе ушығып тұрған шақта Путин Ресейдің “агрессивті риторикаға үйренгендерді ойлантатындай” деңгейде қаруланғанын да айтып өткен.

Оқи отырыңыз: АҚШ Ресейге "Новатор" зымыран жүйесіне қатысты талап қойды

Желтоқсан айының басында Вашингтон егер Ресей өзіне алған міндеттерді орындауға кіріспесе, 60 күннің ішінде келісімнен шығатынын мәлімдеген. 1987 жылы қол қойылған келісім Ресей мен АҚШ-қа 500 бен 5500 қашықтыққа дейін ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды өндіруге, сатып алуға, таратуға тыйым салады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG