Accessibility links

Қарағанды соты әкімдік үстінен арызданған белсендінің шағымын қайта қарайды


Қарағанды облыстық сотының ғимараты

Қарағанды облыстық соты желтоқсанның 19-ы күні азаматтық белсенді Әлия Садырбаеваның Қарағанды қаласының әкімі мен әкімдігіне қарсы берген шағымын қарап, бұған дейінгі аудандық соттың анықтамасын терістеді және "істі бірінші инстанцияда қарау керек" деп шешім шығарды.

Садырбаева әкім мен әкімдіктің үстінен "олардың пикетке шығуыма рұқсат бермеуі заңсыз" деп сотқа арыз түсірген. Бірақ аудандық сот оның шағымын қарамай қойған еді.

Садырбаева бір адамдық пикетке шығуға рұқсат беруді сұрап, әкімдікке 25 қыркүйекте өтініш тапсырған. Тұрғын пикетін 6 қазанда ұйымдастырып, "үкіметтің отставкаға кетуін" талап етпек болған. Бірақ қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің атынан пикетке рұқсат берілмейтіні туралы жауап қазан айының басында келген. Хатта "облыстық әкімдіктің алдында пикет өткізуге болмайтыны және қандай да бір акция өткізген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатыны" айтылған.

Жергілікті биліктің сөзінше, "үкіметті отставка кетіруге қатысты шешім қабылдайтын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Қарағандыда болмағандықтан, мұндай талаппен пикет өткізу жөнсіз".

Садырбаева әкім мен әкімдікті сотқа берген. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты арызды қабылдап алған. Бірақ кейін "іс қаралуы үшін талапкер тарабы сотқа дейін дауды шешу тәртібін сақтап", жоғары органға (бұл жағдайда - Қарағанды облысының әкімдігіне), я лауазымы бір саты жоғары тұлғаға (Қарағанды облысының әкіміне) шағымдануы керек" деп, шағымды қараусыз қалдырған.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG