Accessibility links

Түркістанда ондаған жер телімін мемлекет мұқтаждығына алады


Түркістандағы Ясауи кесенесі (Көрнекі сурет).

Түркістан қаласында "Рухани-мәдени орталық" аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында тұрғындардың иелігіндегі 171 жер телімін мемлекет мұқтаждығына алып жатыр. Бұл туралы Азаттыққа облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Рухани-мәдени орталықтың" жалпы көлемі 98 гектарды құрайды. Осы аймақта 13 кәсіпкерлік нысан, 158 жеке тұрғын үй орналасқан. Бұл нысандар орналасқан жер телімдерін мемлекет қажеттілігіне қайтаруға акт толтырылған. 165 нысанның құжаты толық жиналып, бағалау жұмыстары басталған.

Әкімдік хабарламасында "Қазір 90 үйді бағалау жұмыстары аяқталып, 33 үй иесі келісім берді. Заңға сәйкес, мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін қайтару және бағалау жұмыстарына келіспеген тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр" делінген.

Түркістан қаласы әкімдігінің дерегінше, жердің әр сотығы 515 мың теңгеге бағаланып отыр.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG