Accessibility links

Ақтөбеде терроризм айыбы тағылған адамға үкім шықты


Ақтөбе облысының картасы.

25 желтоқсан Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризм күдігіне ілінген Әлімжан Тұрмановқа үкім шығарды.

Ақтөбе облысының тумасы, Ресей азаматы Әлімжан Тұрмановты сот "террористік топ құрды" деп айыптап, сегіз жылға соттады.

Тергеу 32 жастағы Тұрмановты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2-бөлімі ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру"), 256-бабының 2-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") және 257-бабының 1-бөлімі ("Террорлық топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу") бойынша айыптаған. Судья Алтынбек Сабыров процесті жабық өткізу туралы шешім қабылдаған.

Сот үкімінен соң Әлімжан Тұрмановтың туыстары мен адвокаты ешқандай пікір айтпады. Ақтөбе облыстық соты Азаттық тілшісінің "Тұрманов құрған террористік топтың өзге мүшелері қайда?" деген сауалына да жауап берген жоқ.

Тұрмановқа қатысты сот ісі 14 желтоқсанда басталған.

  • 16x9 Image

    Жаңагүл ЖҮРСІН

    Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG