Accessibility links

Полицейлерді кезектен тыс аттестациялау жоспары жарияланды


Қазақстандық полицейлер (Көрнекі сурет).

Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялауды 2019 жылдың алғашқы жартысында өткізуді ұсынды. Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, бұл жайындағы президент жарлығының жобасын Ішкі істер министрлігі көпшілік талқылауына шығарды.

Жоба бойынша, полицейлердің қызметіне сай, я сай еместігін жоғарғы аттестациялық комиссия анықтайды. Комиссияны президент әкімшілігінің жетекшісі басқарады. Аттестациядан өтпеген полицейлер жұмыстан босатылады немесе қызметі төмендейді.

Комиссия полицейлердің өзіне жүктелген міндетті атқара алу қабілетіне, жұмысының нәтижесіне, білім деңгейі мен тәжірибелік дағдыларына баға береді. Ауыр аяқ және бала күтімімен үйде отырған әйел полицейлер аттестациядан өтпейді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында полицейлердің кезектен тыс аттестациядан өткізілетінін мәлімдеген. Президент "заманауи талаптарға сай келетін полицейлер ғана іріктеп алынатынын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG