Accessibility links

Министр: 2019 жылы ең ірі үш кеніш күрделі жөндеуден өтеді


Мұнай (Көрнекі сурет).
Мұнай (Көрнекі сурет).

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2019 жылы Қазақстандағы ең ірі үш мұнай кен орыны - Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріне күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлады.

Астанада өткен брифингте Бозымбааев Қазақстан ОПЕК елдерімен жасалған келісімді сақтап, келер жылы мұнай өндіру көлемін тәулігіне 40 мың баррельге азайтатынын айтты. Министрдің сөзінше, желтоқсанда ОПЕК елдері мен оған қосылмайтын елдер министрлерінің кездесуінде 2019 жылы тәуліктік өндіріс көлемін 1 миллион 200 мың баррельге азайту туралы келісім жасалған.

Жоспар бойынша, келесі жылы Қазақстан 90,3 миллион тонна мұнай өндіреді. Оның 53,9 миллион тоннасы Қашаған (13,2), Теңіз (28,6) және Қарашығанақ (12,1) кеніштерінен өндірілмек.

Энергетика министрлігі бұған дейін Қазақстанда 2018 жылдың соңына дейін өндірілген мұнай көлемі 89 миллион тоннадан асады деп жоспарланып отырғанын хабарлаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG