Accessibility links

Ақтөбеде сотталған лифтер бостандыққа шықты


Лифтідегі кісі өлімі ісі бойынша сотталушы, жалдамалы механик Жарылқасын Ақжанов (сол жақта) үкімді тыңдап тұр. Ақтөбе, 19 қазан 2018 жыл.
Лифтідегі кісі өлімі ісі бойынша сотталушы, жалдамалы механик Жарылқасын Ақжанов (сол жақта) үкімді тыңдап тұр. Ақтөбе, 19 қазан 2018 жыл.

Ақтөбеде көпқабатты үйдегі лифтіде жергілікті тұрғын Айзат Әбдісамат мерт болған соң 4 жылға сотталған лифтер-механик Жарылқасын Ақжановқа шыққан үкім өзгерді.

- Апелляциялық шағымнан соң механик Жарылқасын Ақжановтың жазасы бас бостандығын шектеумен алмастырылған. Апелляциялық алқа қаулысы 27 желтоқсан күні күшіне енді, – деп хабарлады облыстық сот.

Биыл 19 қазан күнгі қалалық сот үкіміне сай кісі өлімі болған көпқабатты үйге жауапты "Жаңабек -Сервис" пәтер иелері кооперативінің төрағасы Кенен Жаңабеков 4 жылға шартты түрде сотталған.

Оқи отырыңыз: Бақылаудан кеткен лифттерде оқыс оқиғалар көбейді

Судья үкім шығарарда "Жаңабеков кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрағанын, моральдық шығындарын өтегені ескерілгенін" айтқан.

Ал жалдамалы меxаник Жарылқасын Ақжанов 4 жылға сотталып, сот залынан қамауға алынған еді. Бірақ Ақжанов жарыссөзде өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген және сот үкімімен келіспеген. Кейін апелляциялық шағым түсірген.

Қайғылы оқиға Ақтөбе қаласындағы 12-ықшамауданындағы он қабатты №19 үйдің 2-подъезінде биыл 4 сәуір кешкі сағат тоғыздар шамасында болған. Үйдің алтыншы қабатында тұратын жергілікті телеарна журналисі Айзат Әбдісамат лифтіде қысылып қалып, қаза тапқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG