Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Жээнбековпен әңгімесінде екіжақты өзара қарым-қатынастың жай-күйі мен басым бағыттарын, оның ішінде осыған дейін жасалған келісімдердің іске асу барысын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонмен әңгімесінде екіжақты ынтымақтастықтың жайы мен келешегін талқылап, Астана мен Душанбе қарым-қатынасының жан-жақты дамып жатқанына көңілдері толатынын білдірді.
ПІКІРЛЕР