Accessibility links

Ақтөбеде сот залында наразылық танытқандарға ескерту берді


"Қаржы пирамидасы" сотындағы шу. Ақтөбе. 3 қаңтар 2019 жыл.

Ақтөбеде "заңсыз қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған Қуаныш Жақсыбаевтың сотында шу шығарып, наразылық танытқандарға әкімшілік сот ескерту жасады. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова хабарлады. Оның айтуынша, әкімшілік сот алты адамның ісін қарап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 66-бабының 1-тармағы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша айыптап, ескерту жасады.

Кеше Ақтөбеде "заңсыз қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған Қуаныш Жақсыбаевтың соты аяқталып, үкім шыққан. Судья үкім оқып жатқанда айыпталушының жақтастары сот залында шу шығарып, үстел-орындықтарды сындыра бастаған. Үкіммен келіспегендер сот ғимаратының алдында да наразылықтарын жалғастырған. Кейін наразыларды және оқиғаны видеоға түсіріп тұрған Азаттық тілшісін полиция күштеп автобусқа салып, алып кеткен.

Азаттық журналисі полиция бөлімшесіне барған соң ішкі істер департаментіне, прокуратураға хабарласқан. Кейін прокуратура өкілі Азаттық тілшісіне қателесіп ұстағандарын айтып, босатқан.

  • 16x9 Image

    Жаңагүл ЖҮРСІН

    Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG