Accessibility links

Amnesty International Польшаны шешен блогерін Ресейге бермеуге шақырды


Тумсо Абдурахманов.
Тумсо Абдурахманов.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Польшаны шешен блогері Тумсо Абдурахмановты Ресейге бермеуге шақырды. Құқық қорғаушылар шешен блогері Ресейде азаптау мен әділетсіз сотқа тап болады деп санайды. Блогердің өкілі Абдурахмановты депортация жасамауды сұрап Польшаның шекара қызметіне өтініш бергені туралы Кавказ.Релии сайты хабарлады.

Amnesty International ұйымы Польша сыртқы істер министрі Иоахим Бруджиньскидің атына жолдаған мәлімдемеге халықаралық ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық кеңсесінің директоры Денис Кривошеев қол қойған деп жазады Кавказ.Релии. Мәлімдемеде Ресейде блогерді қалай қудалағаны тәптіштеп жазылған.

Ресей билігі Тумсо Абдурахмановты Сириядағы заңсыз қарулы топтарға қатысқан деп айыптайды. Абдурахмановтың өзі Сирияда ешқашан болмағанын, Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың туысы әрі оның әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Ислам Кадыровпен араздасып қалғаннан кейін Ресейде қуғынға түскенін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG