Accessibility links

Шымкентте "9 жасар қызды зорлаған" күдіктіні іздеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте 9 жасар қыз баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Азаттыққа бүгін қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 5 қаңтарда Шымкент тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызын әлдекімнің зорлағаны туралы арызданған. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктіні ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды полиция.

Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қалалық полиция мен прокуратураның бақылауында екенін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала неге зорланады? Сарапшылар пікірі

Бұған дейін Шымкент қаласының прокуратурасы былтыр кәмелет жасына толмаған балаларға жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыс саны күрт өскені туралы мәлімдеген. Прокуратураның ақпараты бойынша, былтыр 2017 жылмен салыстырғанда бала зорлау қылмысының саны 18-ден 43-ке дейін көбейген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG