Accessibility links

ІІМ: Қарағандыдағы төбелеске күдікті ұсталды


Нарек Гурурян. (Видеодан скриншот.)
Нарек Гурурян. (Видеодан скриншот.)

Қарағандыда жаңа жыл түні болған төбелеске күдіктілердің бірі, халықаралық іздеу жарияланған Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады. Оның айтуынша, Армения азаматы Нарек Гурурян Ресейдің Омбы облысының аумағында ұсталған. "Қазір оны Қазақстанға әкелу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр" деді Садубаев.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Нарек Гурурян 1 қаңтарда Қазақстаннан Ресейге өтіп кеткен.

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде болған төбелес салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жараланған. Бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен сегіз адам ұсталған. Тағы бір күдікті Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған. 6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам "қылмыскерді" табуды талап еткен. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.

7 қаңтарда интернетте Нарек Гурурян есімді адам видеоүндеу жариялап, "төбелескендер арасында болғанын, бірақ кісі өлтірмегенін" мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: Қарағандыдағы оқиғаның хроникасы және биліктің реакциясы

8 қаңтарда Астанада өткен брифингте ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов "жанжалдың ұлтаралық сипаты барын" жоққа шығарған.

"Жанжал тұрмыстық сипатта өрбіген. Бір тарапта бір ғана ұлттың, екінші тарапта өзге бір ұлттың ғана өкілдері төбелесті деген жағдай болған жоқ. Біз тергеу кезінде бұл туралы айтқан жоқпыз, себебі барлығын анықтап алғымыз келді. Тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймыз" деді Сүлейменов.

9 қаңтарда Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Арменияның Қазақстандағы елшісі Гагик Галачян кездескен.

Оқиға қалай болған еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG