Accessibility links

Қарағандыдағы оқиғаның хроникасы және биліктің реакциясы


Жаппай төбелес болған аймақта тұрған полиция көлігі. Қарағанды. 8 қаңтар 2019 жыл.

Қарағандыда болған оқиғаға қатысты Қазақстан парламентінің депутаттары мен ішкі істер министрлігінің орынбасары не деді? Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян не айтты?

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛҒАН?

Жаңа жыл түні Қарағандының "Древний Рим" мейрамханасында болған жаппай төбелестен 23 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Жарақаттанған үш адам ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі жансақтау бөліміне түскен. Кейін әлеуметтік желіде "төбелесті армян жігіттер бастады" деген ақпарат тарады. Қаңтардың 2-сі күні төбелес болған жерге ондаған адам жиналып, мейрамхананы жабуды, айыптыларды жауапқа тартуды талап етті. Адамдар жиналған маңда полиция күзеті де күшейді.

Қаңтардың 3-і күні полиция төбелесте ұлтаралық сипат жоғын, "Адам өлімі" және "Бұзақылық" баптары бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Полиция төбелестен кейін Торгом Малхасян, Сохак Малхасян және Қайыр Надырбековтің ұсталғанын, Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

Қарағанды прокуратурасы халықты арандап қалмауға шақырып, жеке адамдар "жағдайды ушықтырғысы" келетінін айтты. Прокуратура "ұлтаралық араздықты қоздыру" мен "жалған ақпарат тарату" қылмыстық жауапкершілік екенін ескертті.

Марқұмның жерлеуінен кейін ондаған адам облыстық ішкі істер департаментіне келіп, тергеу туралы ақпаратты талап етті. Олардың бірнешеуін билік өкілдері ішке кіргізіп, тергеу басталғанын, кінәлілер жазаланатынын айтты.

Қаңтардың 6-сы күні жүздеген адам Қарағанды орталығына жиналып, кісі өлтірген адамды ұстауды талап етті. Наразыларға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, "әкім ретінде, президенттің өкілі ретінде" іс соңына дейін тексерілетінін айтып, уәде берді.

"Сабыр сақтаңдар, зардап шегесіңдер"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:35 0:00
Жүктеп алу

Сол күні Қарағанды облысындағы армян ұлттық мәдени орталығының өкілі Артур Навасардян видеоүндеу жариялап, кешірім сұрады.

Қаңтардың 7-сі күні интернетте өзін Нарек Гурурян деп таныстырған ер адамның видеосы тарады. Видеодағы ер адам "төбелеске қатысқанын, бірақ ешкімді өлтірмегенін" мәлімдеді. Ол "егер қауіпсіздік пен ашық тергеуге кепілдік болса, Қазақстан билігіне берілуге дайын" екенін айтты.

"Істеген ісіме жауап беруге дайынмын. Бірақ біреудің ісін мойныма алмаймын. Ешкімді өлтірген жоқпын" деді видеодағы адам.

Қаңтардың 8-і күні Астанада Қазақстан ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов сегіз адам қамалғанын, Ресейге қашып кеткен бір адам іздестіріліп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, 14 адам төбелескен. Олардың тоғызы - "Древний Рим" мейрамханасының қызметкері. Пышақ жарақатынан қаза тапқан 23 жастағы ер адам мейрамханаға кикілжің шыққан кезде серігінің шақыруымен барған.

Жанат Сүлейменовтің айтуынша, кикілжің қаңтардың 1-іне қараған түні сағат 4 шамасында мейрамхана қызметкерлері киленттерге "мейрамхана жабылатынын ескертіп, тарауды сұрағаннан кейін" шыққан. Кикілжің соңы төбелеске ұласқан. Төбелес болғанын полицияға сағат 4:40 шамасында мейрамхана қызметкерлерінің бірі хабарлаған.

"ЕЛДЕГІ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ СӘТСІЗДІГІ"

24 жыл бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясы бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Қаңтардың 8-іне дейін Қазақстан парламентінің депутаттары мен үкімет те бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Сейсенбіде Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан осы оқиғаға қатысты пікір сұрағанда көбі "оқиғаны тұрмыстық жанжал" деді.

- Бұл – еліміздегі жастар саясатының, отбасы саясатының сәтсіздігі. Меніңше, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмысы сапасыз. Мемлекет қаржыландыратын ақпарат құралдарының жұмысы дамымай отыр. Сондықтан осы оқиғада ақпараттық сәтсіздік болды. Бұл жағдайда да, басқа оқиғада да ішкі істер министрлігі не болып жатқанын бірден айтуы керек, - деді мәжіліс депутаты Ирина Смиронова.

Қарағандыдағы оқиғаны қалай бағалайсыз?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00

Қаңтардың 7-сі күні Армения сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян мәлімдеме жасады.

"Астана мен Ереван бұл тек тұрмыстық жанжал деп ойлайды. Бұл оқиғаға ұлтаралық қақтығыс сипатын беруге болмайды. Қазақстан тарапы жағдайды бақылауда ұстауға, ұлтаралық қақтығыстың туындамауына кепілдік берді. Жұмыстар жасалып жатыр. Арменияның Қазақстандағы елшілігі жергілікті армяндармен байланысып отыр" деді Шаварш Кочарян.

Армения сыртқы істер министрінің орынбасары "бұл мәселеде арандатушылыққа жол бермеу керектігін" айтты.

Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян да оқиғаға қатысты өз ойын айтты.

"Марқұмның жақындарына көңіл айтамын және бұл оқиғада ұлтаралық сипат жоқ екенін баса айтқым келеді. Маған жеткен ақпарат бойынша, төбелескендер әр ұлттың өкілі болған. Төбелескендер арасында қазақ та болған. Бұл төбелесте ұлтаралық араздық болды дей алмаймын" деді ол.

Никол Пашинян: Ұлтаралық сипат жоқ
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Пашинян Армения басылымдары бұл жағдайға қатысты ақпарат таратқанда барлық фактіні тексеру керектігін ескертті.

Осы күні ресми Ереван Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканянның телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Қазақстан тарабы екі министрдің сөйлескені туралы ақпарат жариялаған жоқ.

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Саясаттанушы Дос Көшімның пайымдауынша, "мұндай жағдайлар бұрын Қазақстанның басқа аймақтарында да болған. Бірақ ел билігі бұл оқиғалардан сабақ алмаған".

- Елде мемлекеттің идеология саясатының іске аспай жатқаны немесе идеологиялық саясаттың жоқтығын көрсетті. Мұндай жағдайда қандай да бір кикілжіңдер болса халық ұлтаралық сипат береді. Осыған талдау жасау керек. Билік осындай мәселені шеше алмаса, шешу жолын таппаса, бұл мәселе қайталана береді, - дейді ол.

"Қазақстанда идеологиялық саясат жоқ"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Facebook парақшасында "Жаңаөзен оқиғасы мен жер митингінде жақ ашпаған билік бұл жолы да тыныш отыр. Бұған таң қалудың еш қажеті жоқ. Қарағандыдағы оқиға мемлекеттік қолдан жасаған институттары форс-мажор кезінде жұмыс істей алмайтынын көрсетті" деп жазды.

Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасы қазіргі уақытта жабық тұр. Маңайы қоршалған. Мейрамхана жанында полиция тұр. Азаттық тілшісін оқиға болған аймаққа кіргізбеді. Полиция өкілі бұл маңға біреу-міреуді жіберуге болмайтынын айтқан.

Оқиға қалай болған еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG