Accessibility links

ГКЧП құруға қатысқан Анатолий Лукьянов қайтыс болды


Анатолий Лукьянов.
Анатолий Лукьянов.

Мәскеуде СССР Жоғары кеңесінің соңғы төрағасы болған Анатолий Лукьянов 88 жасында өмірден өтті. Қызы Елена Лукьянова ауыр дертке шалдыққан әкесінің 9 қаңтарда қайтыс болғаны туралы РБК агенттігіне хабарлаған.

Анатолий Лукьянов 1930 жылы Смоленскіде туған. 1953 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін үкімет мекемелерінде түрлі жұмыс істеген ол 1961 жылы СССР Жоғары кеңесі президиумы аппаратында қызметін бастаған.

1990 жылы Михаил Горбачев СССР президенті болып сайланғаннан кейін, оның орнына СССР Жоғары кеңесі төрағасы болып Лукьянов сайланған. Ол 1991 жылы "тамыз бүлігін" ұйымдастырған төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетті (ГКЧП) құруға қатысқан, бірақ құрамына кірмеген. "Тамыз бүлігі" басылғаннан кейін қамауға алынып, 1992 жылдың соңына дейін Мәскеуде қамауда отырды. Кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, 1994 жылы ақпанда Ресей Мемлекеттік думасының шешімімен оған рақымшылық жасалған.

Анатолий Лукьянов 1994- 2000 жылдар аралығында Ресей Коммунистік партиясы Орталық комитеті президиумының мүшесі болды. 1993-2003 жылдары ол Ресей Мемлекеттік думасының депутаты болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG