Accessibility links

Ресейдің әскери спутнигі атмосферада жанып кетті


Плесецк ғарыш айлағында ресейлік әскери спутникті ғарышқа ұшыруға дайындап жатыр. (Көрнекі сурет.)
Плесецк ғарыш айлағында ресейлік әскери спутникті ғарышқа ұшыруға дайындап жатыр. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің зымыран шабуылынан қорғанатын "Око" жүйесі құрамындағы "Космос-2430" спутнигі атмосферада жанып кетті. Бұл туралы Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғанысы қолбасшылығына (NORAD) сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

NORAD мәліметінше, спутник орбитадан шығып кетіп, "жұмысын тоқтатқан". Атмосфераның тығыз қабатында жанбай қалған спутник сынықтары 5 қаңтарда Тынық мұхитының оңтүстігіне құлаған болуы мүмкін.

6 қаңтарда Radio New Zealand сайты Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында бірнеше минут бойы жарқыраған нысан байқалғаны туралы хабарлады. БАҚ аспанда көрінген жарықты Ресей әскери спутнигінің сынығы болуы мүмкін деп топшылайды. Нысан суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары да жариялаған.

"Космос-2430" спутнигін орбитаға 2007 жылы 23 қазанда Плесецк ғарыш айлағынан ұшқан "Молния-М" зымыран тасығышы шығарған. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, ол мерзімі аяқталғанша - 2012 жылға дейін жұмыс істеген.

Ресей қазір зымыран шабуылы туралы ғарыштан ескертетін жаңа жүйе жасап жатыр. Оның алғашқы "Тундра" спутнигі орбитаға 2015 жылы шығарылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG