Accessibility links

Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 21 адам қаза тапқан


Көмір шахтасы және шахтерлер. Көрнекі сурет
Көмір шахтасы және шахтерлер. Көрнекі сурет

Қытайдың солтүстігінде көмір шахтасы жарылып, 21 шахтер қаза тапты деп хабарлайды Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары.

Оқиға 13 қаңтарда елдегі басты көмір өндіруші аймақ - Шэньси провинциясындағы Шэньму елді мекенінде болған. 66 шахтер құтқарылған.

Қытайдың көмір шахталарында болатын апаттар саны соңғы он жылда күрт азайғанмен ондағы көмір өнеркәсібі әлем бойынша ең қауіпті сала күйінде қалып отыр.

Оқи отырыңыз: Қытай компаниясы: Душанбе алтын кеніштерін беруге әзір


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG