Accessibility links

Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды


Фристайлшы Юлия Галышева. Көрнекі сурет
Фристайлшы Юлия Галышева. Көрнекі сурет

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Канаданың Калгари қаласында фристайлдың могул түрінен өткен әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Пхенчхан олимпиадасының қола жүлдегері жарыстың соңғы бөлігінде 79,10 ұпай алған. Соның арқасында бірінші орынға көтерілген.

Екінші орынды 77,96 ұпайға ие болған Франция спортшысы Перрин Лаффон алған. Ал үшінші орынға америкалық спортшы Джейлин Кауф ие болған. Оның қоржынында 76,10 ұпай.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG