Accessibility links

OPCW "Новичок" уына тыйым салуды мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) атқару комитеті Ресейде жасалатын, жүйке жүйесін зақымдайтын "Новичок" уын тыйым салынған заттар тізіміне қосуды қолдап дауыс берді.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияға қосымша тізімге "Новичок" уын қосуды АҚШ, Ұлыбритания мен Нидерланд ұсынған.

OPCW мүшесі Ресей ұйымның "Новичокті" тыйым салынған заттар тізіміне қосу туралы шешіміне 90 күн ішінде қарсылық білдіре алады.

OPCW тыйым салынған заттар тізімін 1997 жылы қабылдаған. Тыйым салу туралы барлық процедура аяқталған соң "Новичок" бұл тізімге тыйым салынған алғашқы улы зат болып енеді.

2018 жылы 4 наурызда Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей әскери барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль ес-түссіз жатқан жерінен табылған. Ұлыбритания билігі олардың "Новичок" уынан зардап шеккенін мәлімдеп, екеуін "қастандықпен улады" деп Ресейді айыптаған. Әкелі-балалы Скрипальдер ауруханада ұзақ уақыт емделіп аман қалған.

Ағылшын билігінің мәліметінше, Скрипаль мен қызын Ұлыбританияға "Александр Петров" және "Руслан Боширов" деген адамдардың атына жазылған құжатпен барған Ресей әскери барлауының екі агенті улаған. Bellingcat зерттеу тобы "Петровтың" шын аты-жөні Александр Мишкин, ал "Бошировтың" аты-жөні Анатолий Чепига деп санайды.

Оқи отырыңыз: The Insider мен The Bellingcat: "Руслан Боширов" – ГРУ полковнигі Анатолий Чепига"

Кремль Солсберидегі оқиғаға қатысы барын жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG