Түркіменстан бұқаралық ақпарат құралдары ел билігі «Ауғанстанмен шекарада содырлар пайда болды» деген хабардан соң запастағы әскерилерді есепке алып жатқанын хабарлады. Азаттықтың Түркімен қызметі (Азатлык радиосы) қорғаныс министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап, әскери комиссариаттардың барлығына 50 жасқа дейінгі ер азаматтардың әскерге жарамдылығын тексеру туралы тапсырма берілгені туралы хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, запастағы әскерилерді тексеру ауған-түркімен шекарасындағы жағдайға байланысты қолға алынған.
11 қаңтарда "Хроники Туркменистана" тәуелсіз басылымы Түркіменстанда халық арасында әскери есеп жүргізіле бастағанын хабарлаған. Дереккөз мәліметі бойынша, билік өкілдері үйді-үйді аралап, запастағы азаматтарды есепке алып жатыр.
12 қаңтарда Азатлыктың Ашғабаттағы тілшісі қалада запастағы әскерилерді тіркеуге алу басталғанын хабарлаған.
Ауғанстанның бес уәлаяты Түркіменстанмен шектеседі.
ПІКІРЛЕР