Accessibility links

Министр: Импорттық өнімдердің көбі қауіпсіздік талабына сай емес


Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстандағы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімдердің жартысынан көбі - сырттан әкелінетін тауарлар. Бұл туралы 15 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Үкімет отырысында сөйлеген министр былтыр 70 мыңға тарта өнімнің сынамасы зертханада тексеріліп, 10 мыңға жуық сынаманың техникалық регламентке сай келмейтіні анықталғанын айтты.

"Өнім қауіпсіздігін бақылау қорытындысында талапқа сай келмейтін өнімнің 66 пайызы - импорттық тауарлар, қалған 34 пайызы - отандық өндірушілер өнімі екені анықталды. Өндірушілер таңбалау ережелерін бұзған өнімдер 69 пайызды құраса, 23,5 пайызы қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай келмейді, ал 7,2 пайызының физика-химиялық көрсеткіші дұрыс емес" деді Біртанов.

Министрдің сөзінше, 99 сүт өнімінің сынамасында өсімдік майының мөлшері және 143 шұжық өнімінің сынамасында шошқа ДНК-сының мөлшері бұрмаланған.

Министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ауылшаруашылығы министрлігіне Ресей мен Беларусьтің өнім өндірушілеріне қатысты 18 материал жіберген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG