Accessibility links

Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады


Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

Украинаның оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Киевте өткен партия съезінде делегаттар оны президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған. Партия жиынында Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук, Грузияның бұрынғы басшысы, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили болған. Жақтастары алдында сөйлеген Тимошенко “билікте елге емес, ақшаға жақын саясаткерлер отырмауы тиіс” деп айтқан. Ол Украинаны қуатты елге айналдыру үшін күресетінін жеткізіп, “міндетті түрде Донбас пен Қырымды Украинаға қайтарамыз” деді. Ол президент ретінде сайланса, елдегі жалақы пен зейнетақы мөлшерін көбейтуге де уәде берді. Украинада президент сайлауы 31 наурызда өтеді. Бұған дейін шоумен Владимир Зеленский, радикалды партия басшысы Олег Ляшко, Львов мэрі Андрей Садовый сайлауға түсуге дайын екендерін айтқан.

XS
SM
MD
LG