Accessibility links

Қазақстанда "Жастар жылы" басталды


Концерт көруге жиналған жастар (Көрнекі сурет).
Концерт көруге жиналған жастар (Көрнекі сурет).

Астанада ЭКСПО көрме кешенінде Қазақстандағы "Жастар жылының" ашылуына арналған форум өтті. Форумда "Жастар жылы" ашық деп жарияланды. Салтанатты шараға үкімет өкілдері, белгілі жастар қатысты.

Форумда түрлі салада қызмет ететін және білім алып жатқан жастар сөз сөйледі. Олар өз салаларында жеткен жетістіктерін баяндап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "жастардың жетістікке жетіп, елге қызмет етуіне мүмкіндіктер жасағаны үшін" алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жастарын не мазалайды?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қазанның 5-і күнгі жолдауында 2019 жылды “Жастар жылы” деп мәлімдеп, “жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясатта басымдыққа ие болуы керегін” мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG