Accessibility links

Полиция: Шымкент базарларынан теріс ағымның діни әдебиеттері табылды


ҰҚК қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Шымкент қалалық полиция департаменті 25 қаңтарда Шымкент қалалық ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, екі базарға жүргізген арнайы операция барысында деструктивтік бағыттағы діни әдебиеттер мен электронды ақпарат тасығыштарды тәркілегенін хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, арнайы тексеру 24 қаңтар күні қаладағы "Shymkent Tulpar" және "Нипа" базарында болған. Сот санкциясымен сауда орындарында тінту жүргізілген.

"Тінту нәтижесінде көптеген діни әдебиет, оның ішінде салафилік мазмұндағы материалдар, сонымен қатар электронды ақпарат тасығыштар тәркіленген. Тергеу болжамы бойынша, салафилік ағымын жақтаушылар аталған екі базар сатушылары мен оларға келушілер арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан" делінген xабарламада.

Тергеу қоғамдық орындарда теріс бағыттағы діни әдебиеттер мен материалдарды тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізілген.

Қазақстан билігі елде "деструктивті ағым мүшелерінің" көбейгенін бірнеше рет хабарлаған. 2016 жылдың жазында Ақтөбе мен Алматыда болған қантөгіс шабуылдардан кейін тексеру күшейген. Билік оларды "радикал, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатындар" ұйымдастырды деп мәлімдеген. Қарулы шабуылдардан соң бірнеше айдан кейін Қазақстанда дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылып, билік жастардың діни радикалдану проблемасы барын айтқан.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG