Accessibility links

Бразилияда бөгет жарылып, шамамен 300 адам із-түзсіз жоғалған


Құтқарушылар оқиға орнында зардап шеккен адамдарды іздеп жатыр. 25 қаңтар 2019 жыл
Құтқарушылар оқиға орнында зардап шеккен адамдарды іздеп жатыр. 25 қаңтар 2019 жыл

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында бөгет жарылып, кемінде тоғыз адам қаза тапқан, шамамен 300 адам із-түзсіз жоғалған. Бөгет темір кені шахтасына жақын жерде орналасқан және пайдалы қазба қалдықтарына арналған су қоймасы ретінде қолданылып келген.

Бөгет жарылған соң айналасындағы шахталар мен бірнеше үйді су басқан. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жақын маңдағы үйлерден тұрғындар басқа жаққа көшірілген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG