Accessibility links

Назарбаев "қаржы жымқыратын акционерлер" туралы айтты


"Шешім қабылдарда аяқ-қолдарың қалтырайды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

"Шешім қабылдарда аяқ-қолдарың қалтырайды"

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен үкімет жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің жұмыстары үйлеспейтінін мәлімдеп, екеуін экономиканы қолдау мәселесінде бірге шешім қабылдауға шақырды.

Үкімет жиынындағы аз уақыт үзілістен кейін Назарбаев Қазақстандағы банк секторының мәселесіне қайта оралып, бұған дейін айтқан қаржы ұйымдары акционерлерінің "қаржы жымқыратыны" туралы өз сөзін тағы қайталады.

Қазақстан президенті "Банк жұмыс істеп тұрған кезде акционерлері ақша жымқырып, жылыстатпауын қадағалау керек. Тапа-тал түсте бұл не? Біз не қарап отырмыз? Бұл - мүлдем дәрменсіздікті көрсетеді. Эконимиканы банкроттықтан арылтпайынша, дами алмаймыз. Үкімет те, банктер де сүріне береді" деді.

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелеріне қарата "Үкімет емес, министрлер емес, қорқақсыздар! Сонда не үшін жұмыс істеп отырсыздар? Банктердің бәрін тазалаңыздар. Сонда ғана үкімет міндетін дұрыс атқарды деп санаймын. Осыны істеп отставкаға кетіңіздер, жұмыс деген сол болады" деді. Бірақ кейін президент Бақытжан Сағынтаевқа бұл сөзі арқылы одан қызметінен кетуді талап етіп отырмағанын түсіндірді. "Барлығымыз бірнәрсе жасап жатқандай боламыз, ал нақты атқарылған жұмыс жоқ. Премьер-министр барлығын жеке-жеке тәртіпке салып, мына мәселені шешсін. Мен тек "кету" туралы жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеп, есеп беріңіздер" деді Назарбаев премьер-министрге.

Жиында былтырғы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев баяндама жасады.

Үкімет жиыны биыл тікелей эфирден көрсетілмеді. Назарбаев былтырғы үкіметтің кеңейтілген жиынында да Қазақстанның банк саласындағы жағдайды сынап, жекеменшік банктерге мемлекеттен қолдау көрсетуді тоқтатуға шақырған. Осыған қарамастан, былтыр мемлекеттік құрылымдардан банктерге миллиардтаған теңге қаржы бөлінді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG