Accessibility links

Болтон Мадуроны Венесуэладан кетуге шақырды


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Венесуэла президенті Николас Мадуроны елден кетуге шақырды. Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында Болтон Мадуроның "Венесуэладан аулақтағы жақсы жағажайда тыныш өмір сүруіне" тілектес екенін айтқан. Оның сөзінше, Мадуро мен оның серіктері "президент Гуайдо жариялайтын амнистияны жіберіп алмағандары жөн".

Бұған дейін Венесуэла парламентінің спикері әрі оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо егер елде демократия орнайтын болса Мадуро мен оның серіктеріне амнистия жариялауға әзір екенін мәлімдеген.

Венесулада Мадуро билігіне наразылық күшейген кезде өзін "елдің уақытша президентімін" деп жариялаған Гуайдо кезектен тыс сайлау өткізуге шақырған. Гуайдоны АҚШ пен Латын Америкасының көп елдері қолдаған.

31 қаңтарда Еуропарламент Хуан Гуайдоны "Венесуэланың уақытша президенті" деп таныған. Оның алдында Еуропа одағы елдері егер Венесуэла кезектен тыс сайлау өткізбесе Гуайдоны ел президенті деп мойындайтынын мәлімдеген. Николас Мадуро ерте сайлау өткізуден бас тартқан.

Венесуэла бас прокуратурасы Гуайдоға қарсы іс қозғап, оның елден шығуына тыйым салған. Мадуро билігін Ресей, Түркия мен Қытай қолдайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG