Accessibility links

Венесуэла Гуайдоның елден кетуіне тыйым салды


Венесуэла Гуайдоның елден кетуіне тыйым салды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

Венесуэла жоғарғы соты оппозиция жетекшісі, өзін “ел президентімін” деп жариялаған Хуан Гуайдоның елден кетуіне тыйым салып, оның банктегі есепшотын бұғаттап тастады. Сейсенбі күні бұған қатысты пікірін айтқан Хуан Гуайдо “өкінішке қарай режим азаматтарды қудалауды ғана біледі" деп билікті айыптады. АҚШ Венесуэлада оппозиция басшысын тергей бастағанын сынады. Бұған дейін Венесуэланың бас прокуроры “өзге мемлекеттер елдің ішкі ісіне араласып отыр” деп мәлімдеп, жоғары соттан мәселені зерттеуді сұраған еді. 35 жастағы оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо президент Николас Мадуро жеңіске жеткен сайлауды "заңсыз" деп атап, "конституция бойынша президент болуға құқығым бар" деп санайды. АҚШ пен Латын Америкасы елдерінің көбі Гуайдоны уақытша президент деп таныған. Ал Ресей, Түркия, Куба мен тағы бірнеше ел Мадуроны заңды президент деп таниды. Өткен аптада Reuters агенттігі Ресейдің жалдамалы сарбаздарының Венесуэлаға келгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG