Accessibility links

Шымкент соты кәсіподақ төрағасының арызын қараудан бас тартты


Ерлан Балтабай, Шымкенттегі "Лайықты еңбек" кәсіподағы мен отын-энергетика кешенінің салалық кәсіподақ төрағасы.

Шымкент қалалық соты "Лайықты еңбек" кәсіподағы мен отын-энергетика кешенінің салалық кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабайдың тергеуші Мұхаммед Мирахметовтің үстінен түсірген арызын қараудан бас тартты.

Бұл туралы Азаттыққа 1 ақпанда қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенби хабарлады.

2018 жылы 25 қыркүйекте Ерлан Балтабайдың үстінен Қылмыстық кодекстің 189-бабымен ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") іс қозғалып, кәсіподақ кеңсесіне тінту жүргізілген. "Лайықты еңбек" кәсіподағының мүшесі Роза Нұрекеева Ерлан Балтабайдың үстінен "кәсіподақ ақшасын ұрлады" деп арызданған. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр.

Ерлан Балтабайдың ойынша, тергеуші өз үстінен заңсыз қылмыстық іс қозғап, конституциялық құқығын бұзған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантин һәм лық толы автобус
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00
XS
SM
MD
LG