Accessibility links

Мәскеуде тұрғын үйдегі өрттен жеті адам қаза болды


Көп қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіріп жатқан адамдар. Мәскеу, 4 ақпан 2019 жыл.
Көп қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіріп жатқан адамдар. Мәскеу, 4 ақпан 2019 жыл.

Мәскеу қаласының орталығындағы жеті қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан қаза болған адам саны жетіге жетті деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Бұған дейін өрттен төрт адам мерт болып, үш адамның зардап шеккені туралы хабарланған болатын.

Дүйсенбіге қараған түні Никита бульварінде орналасқан тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде шыққан өрт төбесі ағаштан жасалған ғимаратқа лезде тараған. Анықталған мәлімет бойынша, өрт ауданы бір мың шаршы метрді құраған. Жалын қызуынан ғимараттың көлемі 300 метр жабыны құлаған.

20-ғасырдың бас кезінде салынған ескі ғимаратта 100-ге жуық пәтер бар. Бұл үйде көпшілікке белгілі адамдар да тұрады. Мысалы, онда актриса Ингеборга Дапкунайте, суретші Никас Сафронова және дирижер Юрий Башметтің қызы Ксения Башметтің пәтерлері бар.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өрт оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG