Accessibility links

Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектор орденмен марапатталды


2019 жылы қаңтарда Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушыларды тоқтатпақ болған кезде алған жарақат салдарынан қаза тапқан "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев.
2019 жылы қаңтарда Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушыларды тоқтатпақ болған кезде алған жарақат салдарынан қаза тапқан "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев.

Қаңтар айында Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушыларды тоқтатпақ болған кезде алған жарақат салдарынан қаза тапқан "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиев үшінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Дәл осындай орденмен қаңтардағы оқиға кезінде Нұрғалиевпен бірге болған және жараланған оның әріптесі Петр Ницык та марапатталды. Бұл туралы бүгін ресми баспасөзде жарияланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында инспекторлар "қызмет борышын атқару кезінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін" марапатталғаны айтылған.

Оқи отырыңыз: Қорықшы қазасына кінәлілер жазалана ма?

13 қаңтарда Toyota Land Cruiser көлігіндегі белгісіз адамдар олардың ізіне түскен инспекторлар Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиевке қарсылық танытып, шабуылдаған. Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, көліктен түскен "шымыр денелі қарулы" адамдар инспекторларды соққыға жығып, із жасырған. Ауыр жараланған екі инспекторды кейін өзге әріптестері тауып алған. Ерлан Нұрғалиевті 14 қаңтарда туыстары Астанадағы №1 қалалық емханаға жеткізген. Бір тәуліктен артық ес-түссіз жатқан Нұрғалиев 15 қаңтарда қайтыс болған.

21 қаңтарда ішкі істер министрлігі қорықшы өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген үш адамның Қызылордада ұсталғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG