Accessibility links

Бірнеше облыста жол жабылып, мектепте сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ уақытша тоқтады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды. Ауа райын болжау қызметі бүгін облыс аумағында ауа температурасы -30-35 градусқа дейін суытады, 6 ақпанда -37-42 градусқа дейін кей жерлерде -45 градусқа дейін қатты аяз болады деп ескертеді.

Павлодар аймағында ауа температурасы -33 градус болып, желдің жылдамдығы секундына 4 метрге жеткен. Облыс мектептерінде алғашқы ауысымда оқитын 1-11 сыныптарда сабақ болмайды деп хабарлады жергілікті білім департаменті.

Қостанай облысында бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптарда сабақ тоқтаған. Өңірде ауа температурасы -20-30 градусқа дейін суып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді деген болжам бар.

Шығыс Қазақстан облысындағы Семей және Алтай қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Аталған өңірде ауа температурасы -27 градус болып тұр.

5 ақпанда күшті жел тұруына байланысты Астана-Щучинск және Астана-Атбасар жолдары жабылды. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.

Ауа райын болжау қызметі осы аптада Қазақстанның кей аймағында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеп, қарлы боран соғады деп ескерткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG