Accessibility links

Астанада оқушылар мен колледж студенттеріне сабақ болмайды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Астанада 7 ақпан, бейсенбі күні мектептердің бірінші ауысымында оқитын оқушылар мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасы хабарлады.

Астана мектептері мен колледждерінде сабақ 5 ақпанда тоқтатылған. Күннің суығына байланысты қаңтардың аяғында бастауыш сынып оқушылары сабаққа бармаған.

Ал 6 ақпанда Астанадан бөлек Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтаған.

Синоптиктер Астанада алдағы бірнеше күн суық болатынын айтады. 7 ақпанда ауа райы күндіз -25-27 градусқа, түнде -35-37 градусқа дейін суытады. Қар жаумайды, қатты жел де соқпайды. 8 ақпанда түнде -34, күндіз -19-21 градус суық болады. 9 ақпан күні ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -10-12 градус болады. Синоптиктер 9 аұпаннан кейін ғана аяз сынып, температура -12 градустан төмендейтінін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG