Accessibility links

Министр Абаев: Балалар қазасына Әбілқасымова кінәлі емес


Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев. Астана, 25 қыркүйек 2018 жыл.
Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Даурен Абаев. Астана, 25 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада өрттен бес бала опат болғаннан кейін әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың қызметтен кетуін талап еткендермен келіспейді. Бұл туралы Қазақпарат мемлекеттік агенттігі хабарлады.

"Жан түршігерлік қасірет. Адамның түсіне де енбейтін қайғыға тап болған отбасындағы ата-анамен бірге бүкіл ел аза тұтып жатыр" деген министр.

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Дәурен Абаев бес баланың қазасынан кейін әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованы жазғырғандардың пікірімен келіспейтінін айтқан.

"Меніңше, балалар қазасына министр Әбілқасымованы кінәлі ету әділеттікке жатпайды. Иә, ешкім де жауапкершіліктен қашпауы керек. Сайып келгенде мемлекеттік аппараттағы баршамыз елімізде болып жатқан барлық жағдай үшін жауаптымыз. Бірақ бұл сұмдық оқиғаға көптеген факторлар себеп болғанын және оның көбі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне байланысты емес екенін түсіну қажет" деген ол.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді. Жергілікті биліктің дерегінше, көп балалы отбасы тұрып жатқан баспанада өрт шыққанда балалардың ата-анасы жұмыста болған. Бұл хабар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Билікті сынаған пікірлердің арасында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова қызметтен кетсін деген талап та айтылды.

6 ақпанда Астананың орталығындағы концерт залына жиналған наразы аналар бес баласы өрттен мерт болған отбасындағыдай жағдай өз бастарына да барын айтты.

Аналардың билікке талабы. Астана, 6 ақпан 2019 жыл

"10 мың теңге жәрдемақыны қайда жеткіземін?"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Наразылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатында әрбір балаға мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек төлеуді, бала кәмелет жасына жеткенше ең төменгі күнкөріс минимумы көлемінде, ал кішкентай баламен отырған анаға ең төменгі еңбекақы көлемінде жәрдемақы төлеуді, үш және одан көп баласы бар отбасылардың баспана проблемасын шешуді, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованы қызметінен босатуды талап еткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG