Accessibility links

"Бес баланың қазасынан билік сабақ алар"


Астанада өрттен мерт болған бес баланы еске алу шарасы. Алматы, 5 ақпан 2019 жыл.
Астанада өрттен мерт болған бес баланы еске алу шарасы. Алматы, 5 ақпан 2019 жыл.

Бір отбасының бес баласы қаза тапқан өрттен кейін әлеуметтік желіде жауапты министрлердің отставкасын талап еткен жазбалар көбейді. Балаларды жоқтап, әке-шешесіне көңіл айтқан өлеңдер жарияланды. Пікір білдіргендер арасында "неге қаралы күн әлі жарияланбай жатыр?" деп, билікке сұрақ қойғандар да бар.

Бірнеше кітаптың авторы, ақын Жарас Сәрсек "Бетіңе сенің бес рет тұрмын түкіріп, Безбүйрек менің қоғамым" деген жыр жолдарын арнады.

Әйгерім Кеулімжай "көпбалалы отбасылар берілетін көмекті көбейтсін, мейлі, бірақ мұндай зұлматтың алдын алу үшін тегін шығып жатқан газды Астанаға жеткізетін уақыты болды" дейді.

Айгүл Орынбек "отыз жыл бойы жасаған бағдарламаларының нәтижесі – бес баланың табыты" деген пікірін жазды.

Өркен Кенжебек "бес қыздың қазасынан кейін билік те, басқасы да тиісті сабақ алды деп үміттемін" деп жазды.

Әлеуметтік желіде қаралы күн жариялауды талап еткен жазбалар да көп.

Қайғылы оқиғадан кейін облыс, аймақ әкімдеріне ұсыныс жасап жатқандар да бар.

Журналист Асхат Садырбай "телефон мен интернетті қатаң қадағалауға алғанша, xалықты қадағалауға алса ғой" деп жазды.

​Журналистер Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыповадан "балалардың ата-анасы неге түнде жұмыс істеуге мәжбүр болған?" деп сұраған. Жақыпова журналистер сауалына "бұл - олардың өз таңдауы" деп асығыс жауап берген еді. Вице-министрдің бұл сөзі желіде сынға ұшырады.

Ертай Нүсіпжан:

Халықтың әлеуметтік жағдайдын әбден тығырыққа тіреп, соңында - өлім құшқанда ғана екі қолын көтеріп, кінәсіз кейіпте: "Бұл өз таңдауылары" деуден басқа бұл биліктің қолынан келер не бар өзі?! Неліктен қаралы жағдайдың себеп-салдары анықталып, шенді-шекпенділер жауапқа тартылмайды?! Халықтың мұң-мұқтажына жауап беретін билікте біреу бар ма? Неліктен билік пен xалықтың ара-қатынасы алыс?! Ақталудан ары асалмайтын министрлерден не пайда?!

Риза Шайқақ:

Бұл - олардың таңдауы? Бұл елде қара халыққа таңдау құқығы қашан берілген сонда?​

Арман Шораев:

Қаралы күн жариялануы үшін қанша бала тірідей өртеніп кетуі керек.

Ермұрат Назарұлы:

Айтамыз. Жазамыз. Зарлаймыз. Ары кетсе бір апта. Соған билік те үйреніп алған. Минусқа кетіп жатқан бұқара ғана...

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған. Қаза болған балалар 5 ақпанда жерленді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес баласынан айырылған отбасыға көңіл айтты.

"Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған" деп хабарлады Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Аягөз Фазылова. Туыстарының сөзінше, балалардың анасы содан үш күн бұрып жұмысқа шыққан, әкесі көлік жөндеу орталығында жұмыс істеген.

Өрттен соң Астана әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізіп, аудан әкімдерінен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дереу қаладағы жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды және әр үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді талап еткен. Әкім "Бұл сіздердің қателіктеріңіз" деп төтенше жағдайлар қызметін сөккен.

"Бес баланың өлімі - ұлттық трагедия"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:31 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG